RU
Толық нұсқаға өту

Римде көпқабатты үш тұрғын үй құлады

23.03.2026, 10:50 59

Италия астанасы Римде жарылыстан көпқабатты үш үй опырылып құлап түсті. Өрт сөндірушілердің айтуына қарағанда, апатқа ғимараттардың бірінде газ баллонының жарылуы себеп болған. 

«Рейтер» агенттігі екі адамның жарақат алғанын хабарлайды. Тағы 70 шақты тұрғын эвакуацияланды. Қирандылар автотұрақтағы көліктерді бүлдірді.

Оқиға Пьяна-дель-Соле ауданында болды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz