RU
Толық нұсқаға өту

Жапония резервтік қордан $5,3 млрд бөледі

23.03.2026, 11:05 51

Жапония жанармай бағасын ұстап қалу үшін резервтік қордан 5,3 миллиард доллар қаржы бөледі. Бұл шешім ертең Үкімет отырысында бекітілуі мүмкін. Жапондық N.H.K телеарнасы осылай деп хабарлады. 

Билік өткен аптадан бері мұнай компанияларына субсидия қарастыратын төтенше шараларды қабылдап жатыр. Елде «Аи-95» маркалы жанармайдың орташа құны литріне рекордтық 190 иеннен асып жығылды.

Мемлекет субсидия арқылы бағаны 170 иен деңгейінде ұстап қалуға тырысуда. Осыған ұқсас шаралар дизель, мазут және керосинға да қатысты қабылданып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz