АҚШ Сенаторы Чак Шумер Ақ үй өкілдерін Ирандағы соғыс бойынша Конгрессте жауап беруге шақырды. Демократтар көшбасшысы соғысты тез арада аяқтау қажеттігін айтты.
Сондай-ақ отын бағасына алаңдаушылық білдіріп, алдағы уақытта Таяу Шығыстағы қақтығыс азық-түліктің қымбаттауына әкелетінін ескертті.
Чак Шумер, сенатор:
- Мемлекеттік хатшы Рубио пен Пит Хегсет және өзге де шенеуніктер Сенатта көпшілік алдында жауап берулері керек. Қазіргі жағдайға неліктен тап болғанымызды, нені мақсат тұтып отырғанымызды түсіндіруге тиіс. Тіпті кейбір республикашылдардың өзі Трамп әкімшілігі Таяу Шығыста не үшін соғыс ашқанын түсінбейтіндерін мойындайды. Америкалықтар Иранмен соғыстың ұзаққа созылғанын қаламайды.
Тегтер #АҚШ #сенатор #Иран #соғысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz