RU
Толық нұсқаға өту

Гавайда су тасқынынан алты мың адам эвакуацияланды

24.03.2026, 09:19 57

АҚШ-тың Гавай аралдарында кейінгі 20 жылдағы ең ірі су тасқыны тіркелді.

Ұзаққа созылған нөсер жауын салдарынан бірқатар аймақты су басты. 6 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Табиғи апатынан әсіресе Оаху аралының солтүстік жағалауы көп зардап шекті. Жолдар бүлініп, әуежайлар мен медициналық мекемелерге залал келді. Екі мыңнан астам тұрғын жарықсыз отыр. Алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқандар жоқ. Дауылдан 1 миллиард доллардан аса шығын келген. Синоптиктер алдағы демалыс күндері Гавайда тағы да нөсер жаңбыр жаууы мүмкін деп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz