Таяу Шығыс бағытындағы рейстер еуропалық әуе компаниялары үшін әлі де қауіпті болып тұр.
Германияның Lufthansa әуе компаниясына тиесілі ұшақтар Парсы шығанағындағы елдерге 24 қазанға дейін ұшпайтын болды. Мұндай шараларды Air France әуе компаниясы да қабылдады. Дәлірек айтқанда, Дубай, Тель-Авив және Рияд бағытындағы рейстерді сәуір айының басына дейін тоқтатып отыр. АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыс әуе қатынасын шектеді. Ақпан айының соңында жағдай ушыққаннан кейін Ирак, Иордания, Қатар және БАӘ өз әуе кеңістігін жапқан еді. Соның салдарынан Дубай мен Дохадағы ірі халықаралық көлік тораптары әлі күнге дейін толық жұмыс істемей тұр.
Тегтер #Таяу Шығыс #Еуропа #әуе рейсі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz