RU
Толық нұсқаға өту

Оңтүстік Корея көлік қозғалысын шектейді

25.03.2026, 09:35 51

Оңтүстік Корея жанармайды үнемдеу мақсатында қызметтік көлік қозғалысын шектейді. Бұл туралы климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі хабарлады.

Бүгіннен бастап бес күндік режим енгізіледі. Жүргізушілерге көлік нөмірінің соңғы санына байланысты белгілі бір күндері қала ішінде жүруге тыйым салынады. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына сүйенсек, шектеулер шамамен бір жарым миллион темір тұлпарды қамтиды. Бұл тәулігіне 3 мың баррель мұнай үнемдеуге мүмкіндік береді. Әзірге талаптар тек мемлекеттік құрылымдарға қатысты болмақ. Алайда билік энергетикалық дағдарыстың алдын алу үшін бағдарламаны жеке секторға да енгізуі әбден ықтимал.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz