Дональд Трампты қолдаушылардың қарасы сиреді. Ipsos зерттеу орталығы жүргізген рейтингке сәйкес, Ақ үй басшысын қолдау көрсеткіші бір апта ішінде 4%-ға азайған.
Бұл АҚШ президентінің қызметіне кіріскелі бергі ең төмен көрсеткіші. Бұған әсер еткен негізгі жайт - Израильмен бірлесіп, Иранға жасаған шабуылдары. Дәлірек айтқанда, жанармайдың күрт қымбаттауы әсер етіп отыр.
АҚШ азаматтары Трамптың соғыстан аулақ боламыз деген уәдесінде тұрмағанына наразы. Сауалнама бойынша, Иранға қарсы шабуылдарды америкалықтардың 35%-ы қолдайды, ал 61%-ы қарсы. Алайда бұл әзірге билеуші партияның позицияларына әсер етпей отыр. Қараша айындағы Конгреске сайлау қарсаңында республикалық партия алда келеді. Оларға азаматтардың 38%-ы сенім білдірсе, демократтарға 34% қолдау көрсеткен. Сауалнамаға барлығы 1 мың 200 адам қатысты.
Тегтер #Дональд Трамп #АҚШ #Ақ үй #Иран #ИзраильPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz