Филиппин энергетика саласында төтенше жағдай жариялады.
Бұл туралы ел президенті Фердинанд Маркос мәлімдеді. Республикаға қажетті мұнайдың 98 пайызы Парсы шығанағынан жеткізіледі. Жаңа жарлыққа сәйкес, отын, азық-түлік пен дәрі-дәрмек үлестіруді бақылауға алатын арнайы комитет құрылды. Отынның күрт қымбаттауына байланысты көлік саласының қызметкерлері мен тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдары екі күндік ереуілге шықты. Филиппин Азиядағы қақтығыстар салдарынан энергетика саласында төтенше жағдай енгізген әлемдегі алғашқы ел.
Тегтер #Филиппин #төтенше жағдай #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz