АҚШ соты Google мен Meta компанияларын пайдаланушыға келтірген психологиялық зиян үшін өтемақы төлеуге міндеттеді.
Bloomberg мәліметіне сәйкес, Лос-Анджелестегі алқабилер 20 жастағы қызға 4,2 миллион доллар төлеу туралы шешім шығарды.
Бұдан бөлек, компаниялар 1,8 миллион доллар айыппұл төлейді. Талапкер аталған сервистердің жүйесі қолданушыны экран алдында ұзақ уақыт ұстап, тәуелділік қалыптастырады деп мәлімдеген. Сот бұл уәжбен келісіп, компаниялар қауіп туралы жеткілікті ескертпеген деген қорытындыға келді. Алайда Google мен Meta сот үкіміне шағымданатынын мәлімдеді.
Тегтер #Google #Meta #өтеақы #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz