Дональд Трамп Қытайға мамыр айында баруы ықтимал. Ақ үйге сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігінің жазуынша, АҚШ президентінің сапары енді 14-15 мамырға жоспарланып отыр.
Бейжіңге Трамппен бірге жұбайы Мелания бармақ. Сонымен қатар биыл Қытай басшысы Си Цзиньпин де жұбайымен Вашингтонға атбасын бұрады деген ақпарат бар. Бірақ олардың нақты қашан баратыны белгісіз. Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, Трамптың Қытайға сапары кезінде ауыл шаруашылығы және ұшақ бөлшектерінің саудасы бойынша келісімдер жасалады және Тайвань мәселесі де талқыланады. Негізі бұл сапар наурыз айының аяғына жоспарланған еді. Бірақ Ирандағы соғысқа байланысты кейінге қалды.
Тегтер #Дональд Трамп #Қытай #сапар #Ақ үйPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz