Дональд Трамп қару-жарақ өндірісін арттыруды тапсырды. «Рейтердің» хабарлауынша, Пентагон ірі қорғаныс компанияларымен, зымыран жүйелері және әскери электроника өндірушілермен келісім жасаса бастаған.
Бұл кәсіпорындар АҚШ аумағында орналасқан және қару-жарақ жасау бойынша әлемде көшбасшы компаниялар саналады. Келісім-шарт бойынша оқ-дәрі, зымыранға қарсы қорғаныс пен дәлдеп ататын қару бөлшектерін шығару артады. Жаңа үлгідегі зымырандарды өндіру ісі де жеделдетіледі. Мамандар бұл шаралар АҚШ-тың Иранға қарсы соғыста жұмсаған қару-жарақ орнын толтыруды және әскердің дайындығын нығайтуды көздейтінін айтады.
Тегтер #Трамп #қару өндірісі #Пентагон #зымырандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz