RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Ливанға шабуылды күшейтті

27.03.2026, 07:34 66

Араб елі Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соққылардан 22 адам қаза тапқан. 

Осылайша 2 наурыздан бергі Израиль шабуылдарынан көз жұмғандар саны 1 мың 116 адамға жетті. Құрбандар арасында 121 бала, 83 әйел мен 42 медицина қызметкері бар. 3 мың 229-ы жараланып, 1 миллион 162 мың ливандық босқынға айналды.

Израильдің 2 сарбазы ажал құшты

Израиль тарапынан Ливанның оңтүстігіндегі операция кезінде 2 сарбаз ажал құшты. Сонымен қатар араб елі жақтан атылған зымыран сынығынан 50 жастағы ер адам қаза тапқан. Ол Нахария қаласының тұрғыны. Тағы 2-уі жараланды. Израиль Ливан аумағындағы буферлі аумақты кеңейту үшін соғысып жатқанын айтады. Ресми Тель-Авив бұл Израиль тұрғындарының қауіпсіздігін нығайту үшін қажет дейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz