Ормуз бұғазындағы жағдайдан соң полиэтилен мен полипропилен құны кейінгі төрт жылда болмаған деңгейге жетті.
Мәселен, әсіресе Азияда өткір тұр. Бағаның өсуі қаптама, электроника, автомобиль бөлшектері мен ойыншық өндірісіне дейін әсер етіп үлгерді. Қымбат шикізат және күрделі логистикаға байланысты шығын көбейді. Ал ол шығынды кәсіпорындар тұтынушының мойнына артып отыр. "Таяу Шығыстағы қақтығыстың одан әрі өршуі бағаны әлі де көтереді", дейді сарапшылар. Рабобэнк ((Rabobank)) мәліметіне сүйенсек, жыл сайын Ормуз бұғазы арқылы құны 25 млрд доллар болатын мұнай-химия өнімдері өтеді. Былтыр Таяу Шығыс әлемдік полиэтилен экспортының шамамен 40%-ын қамтамасыз еткен.
Тегтер #Таңдаулы #Иранмен соғыс #Ормуз бұғазы #пластик #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz