Иран билігі Ормуз бұзғанынан мұнай тиеген 10 танкерді өткізуге рұқсат берді.
Осылайша Тегеран АҚШ-пен соғысты тоқтату туралы келіссөздерді бастауға ниетті екенін білдірді. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеген. Айтуынша, Иран алдымен 8, сосын 2 кемені өткізді. Парсы елі 28 ақпанда АҚШ пен Израиль бірлескен шабуылдарды бастағаннан кейін Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын тоқтатып тастаған еді. Содан бері әлемдік мұнай бағасы күрт көтерілді. Бренд маркалы қара алтынның баррелі 100 доллардан асқан.
Тегтер #Иранмен соғыс #Ормуз бұғазы #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz