Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 102 долларға дейін төмендеп, бір күнде 2 пайызға арзандады.
Кеше қара алтынның бағасы 6 пайызға қымбаттап, бір баррель үшін 106 долларға дейін көтерілген еді. Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның энергетикалық инфрақұрылымдарына соққы жасау мерзімін кейінге шегеретінін айтқаннан кейін баға қайта төмендеді. Десе де, сарапшылар қазір күніне 8 млн баррель мұнай тасымалы тоқтап тұр. Сондықтан энергетикалық шикізат құнының жақын арада тұрақтала қоюы екіталай деп топшылайды. Айта кетейік, Таяу Шығыста соғыс басталғалы мұнай бағасы 45 пайыз қымбаттады.
Тегтер #мұнай бағасы #Brent #24KZ #Иранмен соғысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz