Тегеран Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қонақ үй иелерін америкалық әскерилерді орналастырмауға шақырады.
Әйтпесе бұл ғимараттар Иран қарулы күштерінің нысанасына ілінуі мүмкін. Фарс агенттігі осылай деп хабарлады. Иран Сыртқы істер министрі «сарбаздар кеңсе мен қонақ үйлерді паналап, бейбіт азаматтарды қалқан ретінде пайдаланады» - дейді. Ол АҚШ-тағы қонақ үйлер өзге келушілерге қауіп төндіретін тұлғаларды орналастырмайтынын еске салып, көрші елдерге осы тәжірибені ұстануға кеңес берді.
Тегтер #Тегеран #БАӘ #қонақ үйлерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz