RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда алтын құлдырады

29.03.2026, 09:25 52

Қытайда алтын күрт арзандады. Бағалы металл құны осы айда бірнеше рет құлдырап рекордтық деңгейге дейін төмендеді.

Бұл лезде сұранысты арттып, кейбір шаһарда сатып алушылар арасында дүрбелең туғызды. 

Қытайда алтынның бағасы наурыз айының басынан бері бірден 15 мың теңгеге бір-ақ құлдырады. Қазір жергілікті халық әшекей бұйымдарды жаппай сатып алуға көшті. Дүкендерде сатып алушылар легі 30-40 пайызға дейін артқан.

Алтын саудалайтын дүкендер мен дүңгіршектер лық толы. Елде алтын кейінгі 43 жылда мұндай рекордтық деңгейде арзандап көрмеген. Қытайлар алтынды жаппай сатып алып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, дәл осындай жағдай 1983 жылы болған. Ол кезде мұнай бағасы тым төмендеуіне байланысты болған көрінеді. Мұнай өндіруші елдер шетел валютасын алу үшін қордағы алтынды жаппай сатылымға шығаруынан баға құлдыраған деседі. Бұл динамика бүгінгі нарықта да көрініс тауып отыр. «Бұл макроэкономикалық факторлар алтыннан да маңызды екенін көрсетіп отыр», - дейді мамандар.

Лю Наньцунь, Даму және реформалар жөніндегі ұлттық комиссияның Бағаны бақылау және талдау орталығының маманы:

- Наурыз айының басынан бері бір грамм алтынның бағасы 200 юаньға төмендеді. Ал осы аптаның ішінде тағы 100 юаньға арзандады. Баға сұраныс туғызып отыр. Бұл нарық.

Гуанчжоу, Шэньчжэнь, Шанхай сияқты ірі қалалармен қатар өзге де орта деңгейлі шаһарларда дәл осындай жағдай қалыптасып отыр. Бір емес бірнеше алтын бұйымнан сатып алып жатқандар бар. Айта кету керек, бұған дейін сарапшылар геосаяси тәуекелдер бағалы металдар үшін қолайлы болуы тиіс деп болжаған еді. Алайда нарық өз дегенін істеп отыр.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz