RU
Толық нұсқаға өту

Ливандағы шабуылдан 3 журналист қаза тапты

29.03.2026, 13:00 53

Израиль Ливанның оңтүстігін әуеден бомбалап, үш журналист қаза тапты. Мәліметтерге сәйкес, соққы Джеззин ауданында журналистер мінген автокөлікке бағытталған.

Израиль армиясы бұл операция кезінде «Хезболла» тобының өкілі жойылғанын мәлімдеді. Әскерилердің айтуынша, ол журналист ретінде жасырынып, израильдік күштердің орналасқан жері туралы ақпарат беріп отырған. Қаза тапқандардың арасында «Аль-Манар» мен «Аль-Маядин» телеарналарының қызметкерлері бар. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz