Кубаға Мексика мен Қытайдан гуманитарлық көмек жеткізілді. Азық-түлік тапшылығы күшейген елге Қытайдан 15 мың тонна күріш апарды.
Алдағы уақытта тағы 60 мың тоннадай жүк жөнелтілмек. Ал Мексикадан гуманитарлық жүк тиелген екі кеме Гавана портына жетті. Айта кетейік, қаңтар айының соңында Дональд Трамп: «Кубаға отын жеткізген кез келген елге санкция салам», - деп ескерткен еді. Қазір аралды елде жанар-жағармай мен электр энергиясы тапшы. Тұрғындардың айтуынша, кейінгі үш айда дизель, бензин, мазут және керосин азайып кеткен. Билік ішкі өндіріс қажеттіліктің тек 40%-ын ғана өтейтінін алға тартып отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Куба #МексикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz