Иран Пәкістанның 20 кемесіне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді.
Ресми Тегеран бұл қадамды аймақтағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған маңызды шешім деп атады. Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғалы Иран бұғазды танкерлер үшін жауып тастады. Әлемдегі мұнайдың шамамен 20%-ы дәл осы өткел арқылы тасымалданады. Кейінірек Тегеран кей елдерге теңіз дәлізімен қатынауға рұқсат берді. Олардың қатарында Ресей, Үндістан, Ирак, Қытай және Малайзия бар.
Тегтер #Иранмен соғыс #Пәкістан #Ормуз бұғазы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz