Пәкістанда Ормуз бұғазын ашу мәселесі көтерілді. Келіссөзге Түркия, Сауд Арабиясы және Мысыр елдерінің өкілдері қатысты.
Тараптар өткел арқылы тасымалды басқару үшін халықаралық консорциум құруға ниетті. Исламабадта өткен басқосуда Тегеран мен Вашингтон арасында тікелей келіссөздер өтуі мүмкін екені де айтылды. Ал жаңа бастама маңызды теңіз жолын бақылау мен Суэц каналы үлгісі бойынша арнайы алымдар енгізуді көздейді. Айта кетейік, Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнайдың шамамен 20 пайызы өтеді. Қақтығыстарға байланысты Иран бұл бағыттағы қозғалысты шектеген. Алайда кей елдердің кемелеріне өтуге рұқсат беріп отыр.
Тегтер #Пәкістан #Ормуз бұғазы #қақтығыстарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz