Йемендегі хуситтер Израильдің оңтүстігін атқылады. Бұл туралы осы елдің Қорғаныс армиясы хабарлады.
ЦАХАЛ мәліметінше, зымыранды әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі атып түсірген. Хуситтер соққыны АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әрекеті үшін жасалғанын айтты. Сондай-ақ Иранға қарсы шабуылдарды дереу тоқтатып, Йеменге қойылған блокаданы алып тастауды талап етті. Айта кетейік, бұл - Таяу Шығыста әскери қақтығыс басталғалы бері хуситтер тарапынан жасалған алғашқы соққы.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Израиль #ЙеменPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz