Испания АҚШ-тың Иранға қарсы операцияларына қатысушы әскери ұшақтарға өз әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салды.
Бұл туралы El Pais басылымы хабарлаған. Бұдан бөлек, Мадрид америкалықтарға әуе базаларын пайдалануға да шектеу қойды. Испания билігі наурыздың басында АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операцияларын заңсыз деп атаған болатын. Бірақ Құрама Штаттармен арадағы экономикалық қарым-қатынас сол күйі сақталмақ. Бұл туралы Испанияның Экономика министрі Карлос Куэрпо мәлімдеген. Ақ үй әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Испания #АҚШ #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz