Сауд Арабиясы Ормуз бұғазын айналып өту арқылы мұнай экспортын ұлғайтты.
Бұл туралы Блумберг агенттігі ((Bloomberg) хабарлады. Басылымның мәліметіне сүйенсек, «Шығыс-Батыс» құбыры тәулігіне шамамен 7 миллион баррель қара алтын өткізеді. Бұл бағыт шикізатты Қызыл теңіздегі порттарға жеткізеді әрі елдің шығысындағы мұнай кен орындарын Янбу портымен жалғайды. Ұзындығы 1200 шақырымға жуықтайды. Қазіргі уақытта балама бағыт арқылы мұнай жөнелту көрсеткіші тәулігіне шамамен 5 миллион баррельге жетті.
Тегтер #Сауд Арабиясы #Иранмен соғыс #мұнай #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz