Пәкістанда су тасқынынан 17 адам опат болды, олардың дені балалар.
Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы табиғи апаттан тағы 25 тұрғын жарақат алған. Тасқын салдарынан тұрғын үйлерді су басып, кейбіреуін ағызып әкеткен. Айта кетейік, Пәкістанда жаңбыр бесінші күн тоқтаусыз жауып жатыр. Зардап шеккен аудандарда уақытша медициналық лагерьлер ұйымдастырылды. Былтыр Пәкістандағы ірі су тасқындары салдарынан мыңнан астам адам қаза тапқан еді.
Тегтер #Пәкістан #су тасқыны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz