Солтүстік Америка Қазақ Қауымдастығы Вашингтон штатына қарасты алып шаһарда дүбірлі іс-шара ұйымдастырды.
Сиэтл төрінде қазақтың әні шырқалып, күйі күмбірледі. Мерекелік кешке отандастарымыздан бөлек өзге ұлт өкілдері мен америкалықтар да қатысты. Қонақтар халқымыздың салт-дәстүрімен танысып, үлттық тағамдарамыздан дәм татты.
Лиза Пірімжарова, Солтүстік Америкадағы қазақ қауымдастығының президенті:
- Наурыз мейрамына 250-ден астам отандастарымыз қатысып отыр. Бұл мейрам біз үшін үлкен, ерекше мейрам. Тек жаңарудың, көктемнің мейрамы емес. Біз үшін ауызбіршілік, бірліктің мейрамы.
Айгүл Иманбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Мұндағы қазақтарымыз шалғайда жүрсе де тілін, ділін, салт-дәстүрін, өнерін, өзінің қазақы жәдігерлерін, барлығын сақтап қалған және де ұрпақтан ұрпаққа дәріптеп, өздерінің ұл-қыздарына, өздерінің ұрпақтарына аманат қылып жалғастырып беруде.
Солтүстік Америкадағы Қазақ қауымдастығы 2 жыл бұрын құрылған. Содан бері әр ұлттық мейрамды ерекше дәріптеп, ұлықтауға мән беріп келеді. Ұйым АҚШ-та халқымыздың мәдениеті мен дәстүрін танытып, насихаттап, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуды мақсат етеді.
Тегтер #АҚШ #Наурыз мерекесі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz