GasBuddy мониторинг қызметінің мәліметінше, кейінгі бір айдың өзінде Құрама штаттардағы бензин бағасы 34%-ға өсіп, галлоны 4 долларға жеткен.
Бұл – кейінгі 4 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Ахуалға байланысты тұрғындар жанар-жағармай шығындарын азайтудың жолдарын іздеуге көшкен. Бірі көлікпен жүруді азайтса, енді бірі гибридті көліктерге ауысып жатыр. Еске сала кетейік, АҚШ-та 3 қараша күні аралық сайлаулар өтеді. «Осыған байланысты мұнай бағасының өсуі үлкен дауға айналуы мүмкін», - дейді сарапшылар.
Тегтер #АҚШ #жанармай #мониторингPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz