АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы алдағы 2-3 аптада аяқталуы мүмкін.
Бұл туралы Дональд Трамп Ақ үйде БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді. Оның сөзінше, АҚШ мақсаттарына жетті және Иранға шабуылдарды жақын арада тоқтатады. Тіпті бұл үшін Тегеранмен келісімге келу немесе Ормуз бұғазын ашу міндетті емес деді. Яғни Иран басшылығымен келісім жасалмаса да, шабуылдар тоқтайды.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Біз Иранға өте күшті соққылар беріп жатырмыз. Кеше түнде біз зымыран өндірісіне қатысты көптеген нысандарды жойдық. Менің мақсатым - олардың ядролық қаруға ие болмауын қамтамасыз ету еді, және бұл мақсат орындалды. Оларда ядролық қару болмайды. Қазір қалған жұмысты аяқтап жатырмыз. Бұл шамамен екі апта, мүмкін бірнеше күнге ұзағырақ уақыт алады деп ойлаймын. Біз олардың қолындағының бәрін жойғымыз келеді. Бірақ біз оларды едәуір әлсіреттік. Оларға біздің жасағанымызды қалпына келтіру үшін 15-20 жыл қажет болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #Израиль #Иран #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz