RU
Толық нұсқаға өту

Әлем елдерінде әкімшілік амнистия қалай қолданылады?

01.04.2026, 17:00 40

Әлемнің бірқатар елінде айыппұлдарды жеңілдету тәжірибесі қолданылады.

Мұндай шаралар АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея және Үндістанда бар. Бұл елдерде азаматтарға айыппұлды жеңілдетілген түрде төлеуге мүмкіндік беріледі. Мұндай тәжірибелер әлем елдерінде қалай іске асады?

Біріккен Араб Әмірліктерінде әкімшілік құқықбұзушылықтарға қатысты айыппұлдарды жеңілдету тәжірибесі кеңінен қолданылады. Бұл шара көбіне жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге қатысты енгізілген. Мәселен, Дубай және Абу-Даби әмірліктерінде бірнеше рет арнайы бағдарламалар іске қосылып, азаматтарға айыппұлдарын 50%-ға дейін жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі берілген. Кей жағдайларда жүргізуші белгілі бір уақыт ішінде жаңа құқықбұзушылық жасамаса, оның бұрынғы айыппұлдары қысқаруы мүмкін.

Оңтүстік Корея

Ал Оңтүстік Кореяда 2021 жылы билік жол ережесін бұзған жүргізушілерге қатысты жеңілдік жариялады. Нәтижесінде айыппұлдардың бір бөлігі кешіріліп, кейбір әкімшілік шектеулер жеңілдетілді. Әдетте мұндай шаралар ұлттық мерекелер қарсаңында жарияланады және айыппұлдарды өтеуді жеделдетуге бағытталады.

АҚШ

АҚШ-та жекелеген штаттар мен қалаларда айыппұлдарды жеңілдетуге бағытталған уақытша бағдарламалар бар. Мәселен, жекелеген штаттар мен қалаларда өткізілетін «айыппұлдарды кешіру аптасы» аясында жол қозғалысы ережесін бұзу немесе ұсақ құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды өсімпұлсыз өтеуге мүмкіндік беріледі. Кей жағдайда қосымша төлемдер толық есептен шығарылып, негізгі қарызды ғана төлеу жеткілікті. 

Үндістан

Үндістанда да әкімшілік сипаттағы рақымшылық бағдарламалары бар. 2020 жылы іске қосылған "Vivad se Vishwas", яғни "Дауды бейбіт жолмен шешу" бағдарламасы аясында салық берешектері бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар қысқартылып, азаматтарға қарызын жеңілдетілген тәртіппен өтеуге мүмкіндік қарастырылған. Бағдарлама аясында жүздеген мың салық дауы реттеліп, бюджетке ондаған миллиард доллар қайтарылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz