Үндістанда коммерциялық сектор үшін реактивті отын мен газдың құны күрт қымбаттады.
Әуе керосині килолитріне 8,5%-ға, яғни 105 мың рупийге дейін өсті. Бұл жарты миллион теңгеден көп. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бизнес үшін сұйытылған газ баллонының құны 10,4%-ға, 2 мың рупийге дейін артты. Осылайша Үндістан билігі, қарапайым азаматтарды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге ниетті. Елдегі бағаның өсуіне Ормуз бұғазының жабылуына байланысты энергетика нарығындағы дағдарыс әсер етті. Үндістан мұнайдың жартысына жуығын және сұйытылған газдың 90%-ын Таяу Шығыстан жеткізеді.
Тегтер #Үндістан #әуе отыны #газ #Иранмен соғыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz