Азия елдерінде өндіріс қарқыны бәсеңдеді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Сарапшылар: «Өнім көлемінің кемуіне әлем бойынша сұраныстың азаюы, геосаяси текетірестің ушығуы және сауда саясатындағы белгісіздік себеп», - дейді. Өндірістің құлдырау деңгейі Индонезияда – 4, Вьетнамда 3 пайызға жетті. Филиппинде де жағдай мәз емес. Ал Оңтүстік Кореяда өндіріс өсімі керісінше, кейінгі 4 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен. Елде инновациялық жаңа жобалардың ашылуы және жартылай өткізгіштерге сұраныстың артуы экономикаға оң серпін берген.
Тегтер #Азия #өндіріс #сарапшылар #сұранысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz