RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда роботаксилер жолда тұрып қалды

02.04.2026, 11:55 115

Қытайдың Ухань қаласының қақ ортасында роботаксилер кілт тоқтап қалды. Абырой болғанда, жолаушылар аман.

Жергілікті полицияның мәліметі бойынша, негізгі ақау басқару жүйесінен шыққан. Бұл – роботакси саласы дамып келе жатқан Қытай үшін сын. Тоқтап қалған көліктер – Baidu компаниясына тиесілі Apollo Go роботаксилері. Бұл Қытайдағы ең ірі роботакси қызметі. Нарықта америкалық Waymo компаниясымен бәсекелес. Алайда былтыр бұл компанияға тиесілі роботаксилер де Сан-Францискода электр желісінің үзілуіне байланысты жолда қалып қойған болатын. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz