RU
Толық нұсқаға өту

Эверестегі алаяқтық

02.04.2026, 20:00 44

Алаяқтар Эверестке де ауыз салды. Непал билігі ірі қылмыстық топты құрықтады. 32 адам тергеліп жатыр.

Times of India басылымының хабарлауынша, жолбасшылар мен аурухана өкілдері астыртын сыбайласып, туристердің тамағына ас содасын қосып, қасақана ауру қылып, тікұшақпен шұғыл тасымалдау қызметін ұйымдастырған. Кейін оларды ауруханаларға жеткізіп, өтірік диагноздар қойып, сақтандыру төлемін сыпырып алған. Алаяқтардың осы әрекетінен 20 миллион доллар шығын келді. Ақшаны туроператорлар, дәрігерлер мен тікұшақ компаниялары өзара бөлісіп отырған. Билік бір тікұшақпен шұғыл тасымалдау құны мың доллар тұратынын және ол халықаралық туристік сақтандыру компанияларынан өндіріп алынатынын айтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz