RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде мұнай 7%-ға қымбаттады

02.04.2026, 20:10 43

Бұған Дональд Трамптың Иранға соққы жасауды жалғастыра береміз деген мәлімдемесі себеп. 

Брент маркасының баррелі 108 долларға жетті. АҚШ президенті халыққа жолдаған үндеуінде Таяу Шығыстағы соғыстың нақты қашан аяқталатынын ашып айтпаған. Сарапшылардың пікірінше, бұл белгісіздік инвесторлардың уайымын күшейтті. Бұдан бөлек, Қатар Қорғаныс министрлігінің Иран мұнай танкерін атқылағынын хабарлағаны әлемдік нарықты одан сайын тығырыққа тіреді. Мамандар қара алтын құны одан сайын көтерілуі мүмкін екенін ескертті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz