RU
Толық нұсқаға өту

Иранда жедел жәрдем жетіспей жатыр

03.04.2026, 07:29 54

Иранда "жедел жәрдем" жетіспей жатыр.

Халықаралық "Қызыл крест және қызыл жарты ай" ұйымының хабарлауынша, 28 ақпанда басталған соғыстан қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты. 21 мың адам жараланған. Құрбандар арасында аталған ұйымның 3 қызметкері бар. АҚШ пен Израильдің соққыларынан "Қызыл крест және қызыл жарты айдың" 8 орталығы қирап, жүзге жуық "жедел жәрдем" көлігі іске жарамсыз болып қалды. Бұдан бөлек Иранның оңтүстігінде су тұшыту зауытына шабуыл жасалып, 25 ауыл сусыз қалды. Соғыс басталғалы "Қызыл крест және қызыл жарты ай" қызметінің тек 6 пайызы ғана қаржыландырылған. Қазір оларға төтенше жағдайда жұмыс жүргізу үшін шұғыл түрде 50 млн доллар қажет. 

Мария Мартинес, Ирандағы "Қызыл крест және қызыл жарты ай" ұйымы делегациясының басшысы:

- Елдегі гуманитарлық жағдай күннен күнге ушығып барады. Халықтың 3 пайызы босқынға айналды. Бұл шамамен 3 миллион адам. Иранды атқылау әлі жалғасуда. Біз іздеу және құтқару ісімен де айналысамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz