Дональд Трамп АҚШ-тың бас прокуроры Пэм Бондиді қызметінен босатты.
Оның міндетін уақытша Тодд Бланш атқарады. АҚШ президенті Бондиді «патриот әрі сенімді серіктес» деп атағанымен, кейінгі кезде оның тарапына сын күшейгенін жазды. Сарапшылар, сондай-ақ экс бас прокурордың істерді баяу жүргізгеніне Трамптың көңілі толмады деп топшылап отыр. Айта кетейік, Пэм Бонди кейінгі уақытта Ақ үй әкімшілігі қызметінен босатылған екінші жоғары лауазымды шенеунік. Бұған дейін 5 наурызда Трамп Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмді отставкаға жіберген еді.
Тегтер #Трамп #АҚШ #Бас прокурор #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz