Қытайдың солтүстік-батысында аусыл ауруы тарады. Қауіпті вирус Ганьсу провинциясы мен Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында анықталған.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, індет 200-ден астам ірі қарадан шықты. Санитарлық талапқа сәйкес ауру жұқтырған мал жойылады. Қазір аймақта 6 мыңнан астам үй жануары бар. Мамандар індеттің таралуын тоқтату үшін залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Былтыр бұл індет Германия, Мажарстан және Словакияда тіркелген. Ал Африка, Оңтүстік Америка және Таяу Шығыста аусыл кең тараған.
Тегтер #Қытай #аусыл #індет #ауруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz