Израиль Ирандағы болат өндірісі нысандарының 70 пайызын талқандады. Бұл туралы премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді.
Бұл мақсатта АҚШ-қа арқа сүйейтінін айтты.
Биньямин Нетаньяху, Израиль Премьер-министрі:
- Америкалық достарымызбен бірге біз Ирандағы террористік режимнің түбіне жетуді жалғастырамыз. Біз қолбасшыларының көзін жойып, көпірлерін бомбалап, инфрақұрылымын талқандап жатырмыз. Әуе күштеріміз Иранның болат өндірісі нысандарының 70 пайызын жермен-жексен етті. Төңкеріс сақшыларын қаржы ресурсынан және көп қару өндіру мүмкіндігінен айырып жатқанымыз – ғаламат жетістік. Иран режимі бұрынғыдан әлсіз, ал Израиль бұрынғыдан күшті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Израиль #Иран #АҚШ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz