АҚШ билігі Айды игеруге бағытталған жобаларға 175 млн доллар бөлуді жоспарлап отыр. Бұл ұсыныс жаңа бюджет жобасында көрініс тапты.
Сонымен қатар NASA бюджетін 23 пайыз қысқарту көзделген. Бұл шамамен 3,5 млрд долларды үнемдеуге мүмкіндік береді. Қысқарту бірқатар ғарыш миссияларын тоқтату арқылы жүзеге асырылмақ. Ақ үй бұл шешімді тиімсіз шығындарды азайту қажеттігімен түсіндіреді. Жаңа жоба шеңберінде АҚШ Айда тұрақты база салуды және коммерциялық ғарыш саласын дамытуды көздеп отыр. 2028 жылдың соңына дейін америкалық астронавтарды Айға жеткізу бағдарламасына 8,5 млрд доллар бөлу ұсынылды. Жоба алдағы уақытта Конгрессте талқыланады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #айды игеруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz