RU
Толық нұсқаға өту

Оңтүстік Калифорнияда орман өртеніп жатыр

04.04.2026, 14:00 23

АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния штатында орман өрті өршіді. Тілсіз жау Риверсайд округінде таралып, билік тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.

Бұл туралы Associated Press хабарлады. Осы уақытқа дейін қызыл жалын 12 шаршы шақырым аумақты шарпып үлгерген. Оны сөндіруге жүздеген құтқарушы мен ондаған арнайы техника жұмылдырылды. Алайда жағдайды қатты жел қиындатып отыр. Соның салдарынан өрт жылдам таралуда. Синоптиктер жел екпіні сағатына 80 шақырымға дейін жетуі мүмкін екенін ескертті. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz