Ал Иран АҚШ-тың Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт және Бахрейндегі әскери нысандарын бомбалады.
Бұл туралы Ислам революциясы сақшыларының корпусы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазылды. Иран Бахрейннің оңтүстігіндегі Америка әскерінің әуе шабуылына қарсы «Пэтриот» жүйесіне соққы жасады. «Рейтердің» мәліметі бойынша, Бахрейн астанасына жақын Ситра қаласының 4 тұрғыны жараланған. Сондай-ақ Кувейттің Бубиян аралында орналасқан АҚШ-тың «Химарс» зеңбірек батареяларына зақым келді. Ал Біріккен Араб Әмірліктеріндегі америкалық технологиялық компанияның орталығы қирады.
Тегтер #Иран #АҚШ #Араб елдеріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz