RU
Толық нұсқаға өту

Кубада туризм саласы тоқырады

05.04.2026, 09:05 68

Кубаға баратын туристер саны күрт азайды. Яғни екі есе қысқарған. Ұлттық статистика басқармасының мәліметі бойынша ақпан айында Кубаға небәрі 70 мыңнан астам адам барды. 

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 50%-ға аз. Мамандар мұны АҚШ-тың мұнай санкцияларымен байланыстырады. Авиаотын тапшылығынан мыңдаған рейс тоқтап тұр. Сондай-ақ бірқатар елдер өз азаматтарына Кубаға бармауға кеңес беріп отыр. Бұған көлік пен энергия жүйесіндегі тұрақсыздық себеп. Саяхатшылар легінің азаюы жергілікті бизнеске кері әсер етті. Қонақүйлер, мейрамханалар мен дүкендер табысы кеміп, кейбірі жабылуға мәжбүр болып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz