Камбоджада мина іздеумен танылған Магава атты егеуқұйрыққа ескерткіш орнатылды. Әлемде алғаш рет бұл кемірушіге осындай құрмет көрсетіліп отыр.
Магава арнайы дайындықтан өтіп, жер астындағы миналарды табуға үйретілген. Жеңіл болуының арқасында егеуқұйрық жарылғыш құрылғылардың үстімен еркін қозғалады. Магава 2022 жылы қызметін аяқтады. Қызмет барысында 100-ден астам минаны анықтап, мыңдаған адамды ажалдан алып қалды. Айта кетейік, Камбоджада әлі де жер астында жатқан мина көп. Жылдар бойғы соғыстан кейін қалған олар адам өміріне қауіп төндіріп, ел дамуын ақсатып отыр.
Тегтер #Камбоджа #егеуқұйрық #ескерткішPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz