Франция үкіметі жанармай бағасының өсуінен зардап шеккен шағын бизнес өкілдеріне 4 пайыз жеңілдікпен несие береді.
«Блумбергтің» жазуынша, мемлекеттік банк арқылы берілетін қарыз көлемі 5 мың еуродан 50 мың еуро аралығында болады. Несие алушылардан қосымша ешқандай кепілдік сұралмайды. Өтеу мерзімі – 3 жыл. Өтінім қабылдау 13 сәуірде басталады. Le Figaro басылымының мәліметі бойынша Францияда кейінгі аптада дизель бағасы 8 еуроцентке өсіп, литрі 2,2 еуроға сатылды. Бұл шамамен 1300 теңге.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Франция #жанармайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz