АҚШ-тың Исфаханның оңтүстігінде құлаған америкалық ұшқышты құтқару операциясы сәтсіз аяқталды. Мұны Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілі Ибрахим Зольфакари мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, Иран АҚШ-тың екі әскери-тасымалдаушы ұшағы мен екі әскери тікұшағын жойған. Осыған дейін Пентагон Иран аумағында тұтқынға түскен F-15 жойғыш ұшағының ұшқышы құтқарылғанын хабарлаған еді.
Ибрахим Зольфакари, Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілі:
2026 жылғы 5 сәуір таңсәріде жау ұшақтары біздің әуе кеңістігімізге басып кірді. Бірақ, Иран сарбаздарының қырағылығы мен дайындығының арқасында, бірнеше ұшақ, соның ішінде екі C-130 әскери-тасымалдаушы ұшағы мен екі Black Hawk тікұшағы атып түсірдік. Исфаханның оңтүстігіндегі аумақта шұғыл қонуға мәжбүр болды. Біз жауды қоршау операциясын аяқтағаннан кейін, қарсы жақ АҚШ президенті Трамптың масқара болуына жол бермеу үшін, және өз армиясының беделін сақтап қалу үшін атып түсірілген ұшақтарды, техниканы, командирлер мен сарбаздарды жаппай бомбалады.
Тегтер #АҚШ #Иран #әскери ұшақ #Тегеран #Вашингтон #Дональд ТрампPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz