АҚШ Ай бетінен келісі миллиондаған доллар болатын гелий-3 изотобын алуды көздеп отыр. Бұл туралы Сиэтл қаласындағы Interlune стартабының мамандары мәлімдеді.
«Жақында ғана Ай орбитасына аттанған Artemis II миссиясы құнды элементті Жер бетіне әкелудің дайындығы», - дейді ғалымдар. Араға жарты ғасыр салып, экипажы бар ғарыш кемесінің келесі миссиясы Ай бетіне қонумен қатар, ондағы пайдалы қазбаларды барлаумен де айналысуға мүмкіндік ашпақ. Қазір сиэтлдік компания адам орнына қызмет ететін роботтар мен технологияларды дамытып, Ай топырағының құрамындағы изотопты бөліп алудың тиімді жолдарын жетілдіріп жатыр. Сәтті болған жағдайда жер бетінде өте сирек кездесетін ресурс бұрын соңды болмаған ғылыми жетістіктерге жол ашуы ғажап емес.
Тегтер #АҚШ #Ай беті #гелий3Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz