Парсы шығанағындағы соғыс болмағанда, әлемдік экономика биыл 3,3, ал келесі жылы 3,2 пайызға өсетін еді. Жаһандық сауда-саттықтың күретамыры – мұнай жеткізу ісі 13 пайызға қысқарды.
Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиева "Рейтер" агенттігіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.
Кристалина Георгиева, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры:
- Таяу Шығыстағы соғыс барлық жолдар қымбатшылыққа апаратынын көрсетіп отыр. Бізде қазір басқа таңдау қалмады. Өте ауыр кезеңге тап болдық. Соғыстың әзір аяқталатын түрі көрінбейді. Коронавирус кезеңінің өзінде мұнай жеткізу ісі 12-ақ пайызға қысқарған еді. Бұл жолғы дағдарыс одан асып түсті. Қатар газ өндірісінің алдағы 3-5 жылға тоқтап қалғанын, ал Халықаралық энергетика агенттігі 72 энергетикалық өндіріс нысаны зақымдалғанын мәлімдеді.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz