RU
Толық нұсқаға өту

Ауғанстанда тасқыннан 110 адам құрбан болды

07.04.2026, 09:10 82

Ауғанстанда тасқын салдарынан құрбан болғандар саны 110 адамға жетті. Тағы 160 тұрғын әртүрлі деңгейде дене жарақатын алған.

Бұл туралы ауған елінің Табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқармасы хабарлады. Наурыз айының аяғында басталған қолайсыз күн райынан барлық провинция зиян шеккен. Әсіресе КабУл, КапИс және ПарвАн аймақтарында қиранды көп. Су шайып кеткен тас жолдардың жалпы ұзындығы 350 шақырымға жетеді. Бұдан бөлек, 6 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы жарамсыз болып қалған. Синоптиктер жаңбыр әлі бірнеше күн жауады деп ескертеді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz