RU
Толық нұсқаға өту

Британия Ормуз бойынша кездесу өткізеді

07.04.2026, 09:20 35

Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті талқылау үшін 40 елдің әскери өкілдерімен онлайн-кездесу өткізеді. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады.

Жиналыс Нортвуд штабының базасында өтпек. Оған Иранға кеме қатынасына қауіп төндіруді тоқтату туралы ортақ мәлімдемеге қол қойған елдер қатысады. Құжатта бұғазды мина қою, дрон, зымырандармен шабуыл жасау және басқа қандай да бір жолмен жабуды доғару талап етілген. Бұл Ұлыбритания, Италия, Нидерланд, Франция, Германия және Жапонияның бастамасы. Кейін 30-дан астам мемлекет қосылды. Бірақ Ормуз бұғазын қорғау бойынша әскери-теңіз коалициясын құруға әзірге кедергі көп. Кейбір елдердің үлкен әскери кеме жіберуге шамасы жоқ. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz