RU
Толық нұсқаға өту

HAСA астронавтары айды айналып ұшып өтті

07.04.2026, 15:17 38

ARTEMIS II миссиясының австронавтары "Жерден ең алыс ұшқан экипаж" атанды. Бұған дейінгі рекордты 1970 жылы 400 мың шақырымды бағындарған "Аполлон-13" ғарышкерлері орнатқан еді.  

ARTEMIS II экипажы бұл көрсеткішті 6 жарым мың қашықтыққа жаңартты. Тарихи сәтті миллиондаған адам тікелей эфирде тамашалады. Айды айналып ұшып өткен "Орион" ғарыш кемесі планетамызға қарай бет алды. HAСA ғалымдарының айтуынша, экипаж мүшелері 4 күнде Жерге оралуы тиіс. Ғарыш кемесі Калифорния штатының Тынық мұхиты жағалауына қонуға тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz